Menu HELPDESK

Оңтүстік Кореяның Кеймьюнг униврситеті Құрманғазы атындағы ҚҰК қонақта

Орталық Азия бойынша іс сапар аясында Кеймьюнг Университетінің (Keimyung University) делегациясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қонақта болды.

28 маусымда Білім және ғылым саласындағы қарым-қатынас мемерандумы аясында Оңтүстік Кореяның Кеймьюнг университетінің делегациясы университет президенті, профессор Synn Ilhi басшылығы мен халықаралық бөлім жетекшісі Dr. Kim Seonjung, «Фортепиано» кафедрасының құрметті профессоры  Dr. Kim Nanhee,  «Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасының профессоры Dr. Kim Sungwan, халықаралық бөлім координаторы Mr. Yoon Joonyong  ресми іс сапармен Алматы консерваториясында болды.

Іс сапар барысында делегация мүшелері консерватория ректоры Жания Яхияқызы Әубәкіровамен кездесті. ЖОО жетекшілері қарым-қатынастың болашағын, байланыстың алдағы уақыттағы дамуын жоспарлау, халықаралық және оқу қызметін ұйымдастыру аясында тәжірибемен бөлісу секілді мәселелерді талқылады.

Шетелдік қонақтардың құрметіне консерватория студенттерінің орындауында кішігірім музыкалық сәлемдеме жолданды. Оңтүстік Корея делегациясы «Хассақ» фольклорлық ансамблінің өнерін ерекше атап өтті (фотода).

IMG_9424 (1).JPG

Іс сапардың қысқа мерзіміне қарамастан қарым-қатынасты одар әрі дамыту үшін бірқатар бағыттар бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Екі жақта келіссөздердің нәтижелерін жоғары бағалап, айтылған ұсыныстар болашақ бірлескен жобаларда іске асырылатын болады деген үміт білдірді.

Анықтама: Кеймьюнг Университетінің негізі 1954 жылы қаланған, Оңтүстік Кореяның ірі қалаларының бірі Дэгу қаласында орналасқан. Бүгінде университеттің үш ғимараты қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан. 18 факультеттен тұратын оқу орны музыкалық, көркемдік, медициналық және филилогиялық факультетерді құрайды.

Альбомдарға оралу