«Оқу үдерісі мен білім беру мазмұнын жетілдіру тәжірибесі: заманауи трендтер» Халықаралық оқу-әдістемелік конференциясы
2017 жылдың 3 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Оқу үдерісі мен білім беру мазмұнын жетілдіру тәжірибесі: заманауи трендтері» атты Халықаралық оқу-әдістемелік конференциясы өтеді.
Конференция мақсаты: студенттік-бағдарланған оқу үдерісін ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру саласындағы үздік практикаларды ұйымдастыруды үйрену және тәжірибемен бөлісу.
Өткізілетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғ., 86. «А» корпусы, Құрманғазы атындағы ҚҰК, мәжіліс-залы.
Конференция қатысушылары: ҚР шығармашылық ЖОО мен колледждерінің профессорлық-оқытушылық құрамы, оқу бөлімдерінің жетекшілері.
Конференция форматы: 9.30 – 14.00 – пленарлық мәжіліс
15.00 – 17.00 – қосымша іс-шаралар:
Дөңгелек үстел: «Жоғары музыкалық білім беру мазмұнын жетілдіру механизмі: басқарушылық аспект».
Семинар-тренинг: «Колледждерді аккредитацияға дайындау».
Конференцияда келесі мәселелерді талқылауға ұсынылады:
- Музыкалық білім беру саласындағы құзіретті тәсіл
- Студенттік-бағдарланған оқыту: үздік тәжірибелер
- Үш тілді білім берудің практикалық акпектілерін енгізу
- Оқу үдерісіне оқытудың ақпараттық технологияларын енгізу
- Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеудегі жаңа тәсілдер
-Кәсіби практиканы дайындау және өткізу
- Білім беру сапасын қамтамасыз ету құралдары
Консерваторияның ақпараттық бөлімі