Оқу жылы аяқталуда, сондықтан оны қорытындылаймыз!
12 маусым 2025
Оқу жылы аяқталуда, сондықтан оны қорытындылаймыз!
2025 жылғы 12 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Оқу-әдістемелік кеңестің қорытынды отырысы болып өтті.
Кездесу барысында 2024–2025 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Атап айтқанда, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Г. Әбдірахманның, факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің және оқу-әдістемелік бөлімі басшысының есептері тыңдалды. Ашық сабақтардың нәтижелері, студенттердің тәжірибесі, эдвайзерлердің жұмысы талқыланып, келесі оқу жылына арналған оқу-әдістемелік кешендер бекітілді. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі - консерватория оқытушылары дайындаған жаңа оқу құралдарын қарау және баспаға ұсыну.
Аяқталып жатқан оқу жылындағы жемісті еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғысымыз шексіз! Алда - жаңа міндеттер мен жетістіктер күтеді деген үміттеміз!
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025