Menu HELPDESK

Олимпиада үш тіл бойынша: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті

2024 жылдың 19 сәуірінде Музыкатану, арт-менеджмент және ӘГП факультеті, «Қазақ және шет тілдері» секциясының оқытушылары тілдер бойынша ЖОО аралық пәндік олимпиадасын ұйымдастырды.

Консерваторияның 80 жылдығына арналған олимпиада үш тіл бойынша: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Т.Жургенов атындағы ҚазҰӨА, Абай атындағы ҚазҰПУ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Азаматтық авиация академиясы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарының елуден астам студенттері Абылай хан даңғылы, №90 мекенжайында орналасқан оқу корпусында өздерінің лингвистикадағы, әдебиет пен мәдениеттегі білімдерін, дағдыларын көрсету үшін жиналды.  

Олимпиада барысында қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды орындады. Олимпиаданың турлары ауызша баяндамалар, презентациялар мен лексико-грамматикалық тесттерге бөлінді. Бірақ тапсырмалардың күрделілігіне қарамастан, қатысушылар өз шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және пәндерді терең түсінгендерін көрсете білді.

Олимпиаданың «Музыка – адамзаттың әмбебап тілі» тақырыбы сайысқа ерекше үн қосты. Қатысушылар тіл туралы білімдерімен бөлісіп қана қоймай, музыка өнерінің адам өміріндегі және қоғамдағы алатын орны туралы ойларын ортаға салды. Олимпиада қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындарға ие болды.

Қазақ тілі пәні бойынша:

1-орын:
Шевченко Богдан.
Жетекшісі: Сулеева Г.С., Құрманғазы атындағы ҚҰК

2-орын:
Мищенко Юлия
Жетекшісі: Сулеева Г.С., Құрманғазы атындағы ҚҰК
Германцева Аделина
Жетекшісі: Сулеева Г.С., Құрманғазы атындағы ҚҰК

3-орын:
Ахмолдина Ксения
Жетекшісі: Абдыкадырова А.З., Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
Тохтиева Дилдора
Жетекшісі: Рауандина А.К., Абай атындағы ҚазҰПУ
Садирова Айнура
Жетекшісі: Суранчиева Н.Р, 6. Азаматтық авиация академиясы

 

Орыс тілі пәні бойынша:

1-орын:
Нахшбек Жанерке

Жетекшісі: Ахметова Ж.Б., Азаматтық авиация академиясы


2-орын:

Сайлаубек Дамир

Жетекшісі: Ахметова Ж.Б., Азаматтық авиация академиясы
Ерболат Алуа

Жетекшісі: Есетова А.Т., Құрманғазы атындағы ҚҰК

3-орын:
Алпысбаев Ерсұлтан

Жетекшісі: Джакипова К.Т., Логистика және көлік академиясы
Исатаева Назерке

Жетекшісі: Джакипова К.Т., Логистика және көлік академиясы
Парманова Асия

Жетекшісі: Ботатаева У.А., Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

 

Ағылшын тілі пәні бойынша:

1-орын:

Ерубаева Камила

Жетекшісі: Искакова А., Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА

2-орын:

Амиров Айдос

Жетекшісі: Утебаева Б.Т., Құрманғазы атындағы ҚҰК

Жуков Егор

Жетекшісі: Абсатарова Г.Б., Құрманғазы атындағы ҚҰК

3-орын:

Пестов Артемий

Жетекшісі: Абсатарова Г.Б., Құрманғазы атындағы ҚҰК

Даукетов Нурдаут

Жетекшісі: Сұлтан Ж., Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА

Мукушева Асел

Жетекшесі: Абсатарова Г.Б., Құрманғазы атындағы ҚҰК

 

Сондай-ақ, үздік студенттер келесі номинациялар бойынша сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды:

- «Үздік тұсаукесер үшін»;

- «Тақырыптың өзектілігі үшін»;

-«Өзіндік креативті ойлау ерекшелігі үшін»;

-«Шешендік дарыны үшін».

Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға белсенділік танытып, шеберлік танытқандары үшін алғысын білдіреді.

Олимпиада жеңімпаздары лайықты марапаттармен марапатталып, барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды.

Олимпиада барысындағы тәжірибе студенттердің болашақ ғылыми-шығармашылық қызметінде құнды тәжірибе болмақ.















Альбомдарға оралу