Menu HELPDESK

«Перспективті зерттеулер: музыкалық өнер жас ғалымдардың көзімен» атты Республикалық Магистрлік оқулары өтті

2019 жылдың 15 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығына орай «Перспективті зерттеулер: музыкалық өнер жас ғалымдардың көзімен» атты Республикалық Магистрлік оқулары өтті.
Жиынның мақсаты магистрлік зерттеу материалдарының өзектілігін тексеру, жұмыстардың теориялық және практикалық нәтижелерінің ғылыми тұжырымдамасын жасау, заманауи ғылыми ақпараттармен бөлісу.
Қатысушылар жоғары оқу орындарының шығармашылық мамандықтарында ізденіп жүрген жас ғалымдар. Форум қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өтті.
Магистрлік оқуларының нәтижелері жинақ түрінде құрастырылып, қатысушыларға әртүрлі номанациялар бойынша дипломдар мен сертификаттар табысталды. Диплом иелерін қазылар алқасы анықтады.

Қазылар алқасы:
Төраға – Бердібай А.Р., - «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, PhD философия докторы;
1. Каирбекова А.Г. – «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы;
2. Бултбаева А.З. – «Музыкатану және композиция» кафедрасының меңгерушісі, доценті, өнертану ғылымдарының кандидаты;
3. Байбусынова У.М. – «Халық әні» кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты;
4. Тлеубергенов А.Т. – «Фортепиано» кафедрасының доценті, PhD философия докторы;
5. Мылтыкбаева М.Ш. – «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану ғылымдарының кандидаты.
6. Бекмолдинов Н.С. – «Қобыз және баян» кафедрасының оқытушысы, PhD философия докторы;








Диплом иегерлері:

 

Номинация

ФИО участников

«Музыкалық өнер саласындағы үздік ғылыми-зерттеу жұмысы»

 

Сомов А., Искаков Ж.

«Белсенді қатысқаны  үшін»

 

Чалова О.В., Ермекова К.

«Шығармашылық көзқарас үшін»

 

Ходжабеков И.

«Зерттеу тереңдігі үшін»

 

Алшораз Д., Аймамбетов  С.

«Практикалық маңыздылығы үшін»

Жұмабаев Ә.

 








Альбомдарға оралу