PR саласындағы алдыңғы қатарлы маман Аида Досаева консерватория қызметкерлеріне шеберлік класс өткізеді
07 сәуір сағат 13.00-де Оқу залында («Б» ғимараты) «Құрманғазы атындағы ҚҰК оқу-білім беру бағдарламалары, әкімшілік-ұйымдастырушылық үдерістерін модернизациялау» жобасы аясында «Ішкі PR» атты тақырыпта шеберлік класс өткізіледі. Шеберлік класс модераторы PR-шы қазақстандық клубының президенті, танымал қоғам қайраткері Аида Досаева.
Ұйымдастырушылары: Бас серіктесіміз «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ, «Классика» музыкалық агенттігі.
Шеберлік класс ьақырыбы: PR дегеніміз не, ішкі тұтынушы дегеніміз кімдер,олармен қалай жұмыс жасау керек. Менеджмент үшін воркшоп (workshop) өткізу: ішкі PR мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
Мақсаттары:
-
Корпоративтік коммуникацияны құру;
-
Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және нығайту;
-
Мотивация және қызметкерлердің сенімділігін нығайту.
Міндеттер:
-
Бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру;
-
Басшылық ашықтығын көрсету;
-
Қызметкерлерді оқыту және дамыту саласында корпоративті саясатты түсіндіру;
-
Компанияның корпоративті кодексі мен этикасына сәйкес бірыңғай стандарт құру;
-
Байланыс кемшіліктерін жеңу және өзара түсіністікке қол жеткізу.