Menu HELPDESK

Президенттік кадрлық резервке іріктеуден кеш қалмаңыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігін жариялаған болатын.

Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды.

Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады.

Президенттік кадрлық резервке құжаттар қабылдау шарттарымен танысу үшін сілтемені басыңыз:
Президенттік кадрлық резервке тіркелу және іріктеу шарттары




Альбомдарға оралу