Menu HELPDESK

Профессор Қанат Ахметов сыныбының концерті өтті

2024 жылдың 2 сәуірінде А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай Тромбон сыныбының профессорлары Т.Б.Мұсұрманқұлов және Б.А.Аманкелдиевті Еске алу кеші болып өтті. 

Концерттік кеште ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының профессоры Қанат Ахметов сыныбының білім алушылары Диас Омаров, Нұртас Қалтаев, Мейрамбек Джаникулов қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармаларын орындады.

Фортепиано партиясы: Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Рината Нұржанова.





Альбомдарға оралу