Menu HELPDESK

Профессор Зере Шакеримованы еске алу күніне орай дөңгелек үстел өтті

4 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында музыкалық білім беру педагогикасы мен психологияны зерттеген көрнекті ғалым, өмірін еліміздің мәдениеті мен музыкалық білімін дамытуға арнаған профессор Зере Шакеримованы еске алу күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде әріптестері, оқытушылар, студенттер, сондай-ақ Зере Шакеримовнаны танып, қадірлеген жандар бас қосты. Жиынға қатысушылар ұлағатты ұстаз жайлы естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

Зере Шакеримовна кәсіби музыкант болмаса да, оның музыкаға деген сүйіспеншілігі мен оның маңыздылығын сезінуі ұлтымыздың рухани дамуы дамуында терең із қалдырған. Зере Шакеримованың арқасында 20 жыл бұрын консерватория қабырғасында музыкант-педагогтардың жаңа буынын даярлауда маңызды рөл атқарған «Педагогика және психология» кафедрасы ашылған.

Зере Шакеримова — өскелең ұрпаққа өшпес мұра қалдырған, саналы ғұмырын өнерге арнаған тұлға. Сондықтан оның әдемі жарқын бейнесі біз үшін аса қадірлі, аса қымбат.

 

 

 

Альбомдарға оралу