ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті
20 ақпан 2019
2019 жылдың 19 ақпанында Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Министрлік басшылары, комитет төрағалары, департамент директорлары, министрлікке қарасты мекеме жетекшілері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиын барысында мемлекеттік органның 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан министрлікте өткен басқосуға ұжым басшысы Арман Әділханұлы мен оқу-әдістемелік жұмыс проректоры Гүлнар Бақытқызы қатысып, жиынға келген БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Қабылдау 2025