Ректор А. Жүдебаевтың халық алдындағы 2018 жылғы есеп беру кездесуі өтеді


2018 жылдың 26 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры А.Ә.Жүдебаевтың халық алдындағы 2018 жылғы есеп беру кездесуі өтеді. Жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігі мен Білім және ғылым Министрлігінің, Алматы қаласы әкімі мен Алмалы ауданы әкімі аппараттарының өкілдері, Алматы қаласындағы ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары және бірқатар өнер қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Кездесуді консерватория түлектерінен құрылған елімізге танымал "Тұран" және "Хассақ" фольклорлық ансамбльдерінің қатысуымен өтетін концерт жалғастырмақ.
Басталуы: сағат 15:00.
Өтетін жері: Үлкен орган залы.
Іс-шараның ұйымдастырушылары және қатысушыларымен сұхбат ұйымдастыруға байланысты сұрақтар бойынша Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның БАҚ-пен байланыс бөліміне хабарласыңыз.
тел. 8 (727)261 07 12, +7 747 2339976
e-mail: konser.2018@mail.ru