Menu HELPDESK

Ресейдің еңбек сіңірген артисі, "Виртуозы Москвы" камералық оркестрінің бірінші скрипакашысы әрі жеке орындаушысы Алексей Лундин Алматыда



16 қазан, сағат 14.00-де Құрманғазы атындағы ҚҰК Үлкен концерттік залында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының қолдауымен «ЖасSTAR» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясында атақты музыкант, Халықаралық жүлделер иегері, Ресейдің еңбек сіңірген артисі, "Виртуозы Москвы" оркестрінің жеке орындаушысы Алексей ЛУНДИННІҢ концерті өтеді.

Ресейдің еңбек сіңірген артисі Алексей Лундин - өзінің жеке шығармашылығын дамытып жүреген тамаша скрипкашы ғана емес, сонымен қатар кең эрудициялы музыкант, әлемге танымал "Виртуозы Москвы" музыкалық ұжымның көшбасшысы ретінде де танымал.

Консерваторияның Үлкен концерттік залында өтетін скрипкаға арналған музыка кеші скрипка өнерінің жауһарлары А.Вивальди (скрипка мен камералық оркестрге арналған "Жыл мезгілдері") мен С.Франктың (скрипка мен фортепианоға арналған соната ля мажор) шығармаларын тыңдармандарға жаңа қырмен тыңдауға мүмкіндік береді.

Концертте Халықаралық конкурстадың лауреаты Гүлжан Үзенбаева (фортепиано) және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Камералық оркестрі өнер көрсетеді. Дирижер - республикалық конкурстардың лауреаты Мадьяр Тойболды.

Концерттің басталуы: 14.00

Келем деушілерге есік ашық!

* Сондай-ақ консерваторияның оқытушылық құрамы мен студенттері Алексей Лундиннің шеберлік класына шақырылғанын еске саламыз.

Шеберлік класс 16 қазан (жексенбі), сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Шопен атындағы Камералық залда өткізіледі.
Альбомдарға оралу