Әріптесімізді үздік марапатымен құттықтаймыз
1 наурыз 2019
2019 жылдың 28 ақпанында Астана қаласында Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2018» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған шарада 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2018» атағының иегері болған, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы "Тілдер" секциясының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері СҮЛЕЕВА ГҮЛЖАН СОЗАҚПАЙҚЫЗЫ да марапатталды.
Әріптесімізді үздік марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта жоғары шығармашылық табыстар мен биік белестерге жетуіне тілектестік білдіреміз.
Альбомдарға оралу
Әріптесімізді үздік марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта жоғары шығармашылық табыстар мен биік белестерге жетуіне тілектестік білдіреміз.
Қабылдау 2025