Menu HELPDESK

Рухани жаңғыру


Бүгін 31-ші қаңтар күні Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен мамандарының бастамасымен Университеттер Альянсы құрылды. 

Альянс құрамына Алматы қаласының 38 жоғарғы оқу орны еніп, соның ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы да өзінің қолдауын білдірді. Осы бастама - Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасымен және Қазақстан халқына жолдауы аясында тізбектелген барлық іс-шараларды толық іске асыруға елеулі септігін тигізетіндігіне негіз болатындығын баяндайды.

Өйткені Қазақстанның Жоғарғы оқу орындары осындай альянстың көмегімен көптеген жобаларды бірлесе іске асырып және бір-бірімен үлкен тәжірибе алмаса алады. Осы негізде бәсекеге қабілетті қоғамды қалыптастыруға, ұлттық рухани кодты сақтауға және индустриялды -инновациялық экономиканы құруда ауқымды жұмыстар атқарылатындығына зор сенім білдіріледі.

2018-01-31-PHOTO-00000067.jpg
Альбомдарға оралу