Сәуірдің 03 мен 06 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ІІ Камералық музыка Фестивалі
Сәуірдің 03 мен 06 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерттік залында ІІ Камералық музыка фестивалі өтеді. Бұл Барокко дәуірінен қазіргі заманауи шығармалардан құрылған төрт музыкалық кеш, әртүрлі концерттік бағдарлама.
Фестиваль қатысушылары - жоғары деңгейлі атақты қазақстандық орындаушылар, камералық орындаушылық өнерінің белді музыканттары, республикалық және халықаралық конкурстардың жүлдегерлері атанған консерватория студенттері.
Қатырынан екінші рет өткізіліп отырған фестиваль, былтырғы жылы кәсіби және әуесқой тыңдармандардың қошеметі мен ыстық ықыласына бөленді.
Бағдарламада:
«КӨНЕ МУЗЫКАДАН ҚАЗІРГІ ЗАМАН МУЗЫКАСЫНА ДЕЙІН»
3 сәуір 19:00
Үлкен концерттік зал
II КАМЕРАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ
Бағдарламада:
Г.И.Ф. фон Бибер «Representativa» скрипкаға арналған соната
Г.Ф. Гендель «Ринальдо» операсынан «Laschia Ch’io Piagna» ариясы
Л.О. Сальваторе Ди Лео «Фарнак» операсынан «Se mi dai morte»ариясы
А. Фалькониери «Folia», «Ciaccona»
В. Власов И. Босхтың «Страшный суд»суретінің тақырыбына концерттік триптих
кларнет, фортепиано, аккордеон және виолончельге арналған
Ф. Д’Алесио «Аве Мария»
скрипка, аккордеон, дауыс және фортепианоға арналған
A. Piazzolla «Milonga del Angel», «Fugata»
аккордеон, скрипка, екі гитара, виолончель және фортепианоға арналған
Koen Dejonghe «A Russian Tango»
кларнет, скрипка, аккордеон, контрабас және фортепианоға арналған
Орындаушылар:
«D`EL`SA Consort» көне музыка ансамблі
Халықаралық конкурстардың лауреаттары
Зарина Алтынбаева (сопрано),
Дамир Бүркітбаев, Бектұрған Жоламан (кларнет),
Диана Панарғалиева, Анна Мельникова (фортепиано),
Айдана Шілдебаева (скрипка),
Мұса Керімбаев, Айдар Кұспанов (виолончель),
Нартай Бекмолдинов (аккордеон), Ерлан Амреев (контрабас)
Ақниет Жүнисхан, Сүндет Ислам (гитара)
"АСПАПТЫҚ ДИАЛОГТАР"
4 сәуір 19:00
Үлкен концерттік зал
II КАМЕРАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ
Бағдарламада:
Антонио Саккини Трио соната соль мажор
В. А. Моцарт: Трио KV498, Дивертисмент KV254 (1 бөлім)
Николло Паганини №1 скрипка мен гитараға арналған соната, ля минор
Макс Брух кларнет, альт және фортепианоға арналған 8 пьеса op.83
Давид Поппер Екі виолончельге арналған сюита («Andante graziozo», «Gavotte»)
Бедржих Сметана «Шопенге арнау» фортепианолық триосы, соль минор
Дариус Мийо Екі скрипка мен фортепианоға арналған соната
Орындаушылар:
Халықаралық конкурстардың лауреаттары:
Дамир Бүркітбаев (кларнет), Ольга Калько (альт),
Григорий Стадниченко (гитара),
Эльдана Абдрахманова, Айдана Абдрахманова,
Әсел Исаева, Әділет Абдрахманова (скрипка),
Мұса Керімбаев, Эльдар Айтбеков (виолончель),
Мария Өмірбекова, Жанель Сайын, Максим Максимов (фортепиано)
ТРИО "ANDARE"
5 сәуір 19:00
Үлкен концерттік зал
II КАМЕРАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ
Бағдарламада:
Людвиг ван Бетховен Фортепианолық трио ор.1 №1
Арно Бабаджанян Фортепианолық трио фа диез минор
Эрнест Шоссон Фортепианолық трио соль минор
Орындаушылар:
Халықаралық конкурстардың лауреаттары
Жібек Қожахметова (фортепиано),
Динара Базарбаева (скрипка)
Таир Қаратаев (виолончель)
ФОРТЕПИАНОЛЫҚ КВИНТЕТТЕР
6 сәуір 19:00
Үлкен концерттік зал
II КАМЕРАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ
Бағдарламада:
Антонин Дворжак Фортепианолық квинтет ор.81
Сезар Франк Фортепианолық квинтет фа минор
Орындаушылар:
Халықаралық конкурстардың лауреаттары
Рабиға Дюсембаева, Сабина Атагелдиева (фортепиано),
Динара Базарбаева, Гюзель Байузакова (скрипка),
Ольга Калько (альт), Таир Қаратаев (виолончель)
"Ансамбльдік өнер" кафедрасы