Menu HELPDESK

Сәуле Жанпейісованың «Менің сайгүліктерім» атты шығармашылық кеші



2022 жылдың 1 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Халық әні» кафедрасының 35 жылдығына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, әнші, ұстаз, Сәуле Жанпейісованың «Менің сайгүліктерім» атты шығармашылық кеші өтті.

 

Аталмыш кешке Құрманғазы атындағы ҚҰК фольклорлық этнографиялық оркестрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңабергенова, Айгүл Қосанова, Айгүл Елшібаева, Қарақат Әбілдина және Күлімхан Жұмалиева, Айгүл Мақашова, Өмірқұл Айниязов сынды бірқатар Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегерлері қатысты.


Сондай-ақ концертте әнші-ұстаздың өзі құрған «Аманат» өнер орталығында тәлім алып жүрген дарынды жастар және халықаралық, республикалық байқауларда лауреат атанып жүрген шәкірттері өнер көрсетті.

 

Сәуле Жанпейісова консерваторияда көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарып, талай шәкірт тәрбиелеп шығарған, дәстүрлі ән өнерімізді кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге үлес қосып жүрген өнер майталманы.



















Альбомдарға оралу