Сүйінші!
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған
Республикалық домбырашылар байқауында
студенттеріміз жеңімпаз атанды!
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысының рухани-мәдени өміріне жаңа серпін бере отырып, күй өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің қолдауымен, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасының ұсынысы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында 2018 жылдың кыркүйек айының 19-20 күндері домбырашылар байқауы өтті.
1. Мұқасов Жасқайрат 4 курс домбыра Бас жүлде ұстазы А. Үлкенбаева
2. Темір Ақбөкен 3 курс домбыра II орын ұстазы профессор К. Сахарбаева
3. Жұмағалиев Қайрат 4 курс III орын домбыра ұстазы профессор С. Садықов