«Sanaly urpaq» жобалау кеңсесінің басшысы Қ. Тоқышевпен кездесу өтті
12 қыркүйек 2019
2019 жылдың 11 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышевпен кездесу өтті.
Кездесу барысында консерватория студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ҚР заңнамалық базасымен, сондай-ақ республикалық жобалық кеңсенің мақсаттары және міндеттерімен танысты. «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі хабарлағандай, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жемқорлыққа қарсы стратегиясын «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі тарапынан бағалау кешенді және жүйелі өлшеулерді қамтитын сенімді әдіснаманы пайдалана отырып, бір жылдан астам уақыт бойы жүргізіледі. Өткізілетін іс-шаралардың негізгі міндеті – ҚР ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін жайттардың алдын алу, оларды шешу жолдары мен мәселелерін анықтау.
Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесінің жетекшісі Қ. А. Тоқышев студенттердің сұрақтарына жауап беріп, консерваторияда ашылған «Sanaly urpaq» клубына студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру ісінде әдістемелік көмек көрсетуді ұсынды.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025