Санкт-Петербург қаласындағы «Дом музыки» шығармашылық орталығының солистері концерт берді
27 қараша 2019
2019 жылдың 25-26 қараша күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші және Үлкен концерттік залдарында Санкт-Петербург қаласындағы «Дом музыки» шығармашылық орталығының солистері «Посольство мастерства» жобасының аясында студенттерімізге арналған шеберлік-сыныптарын өткізіп, консерватория ұжымы мен қонақтарға арналған жеке концерттерін ұсынды. Жобаға қатысушылар: Анна Щулькина (флейта), Александр Болотин (фортепиано), Леонид Железный (скрипка), Александр Рамм (виолончель), Анна Одинцова (фортепиано).
Концертте Паганини, Шопен, Вагнер, Чайковский, Григ, Рахманинов, Энеску сынды классикалық музыка алыптарының таңдаулы шығармалары орындалды. Санкт-Петербург қаласындағы «Дом музыки» шығармашылық орталығының жетекшісі Ресей халық артисі Сергей Ролдугин.
Іс-шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрылғанына 75 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар аясында өтті.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025