Menu HELPDESK

Санкт-Петербург консерваториясының ректоры Алексей Васильевпен кездесу

2024 жылғы 5 наурызда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының ректоры, виолончель, арфа, контрабас және квартет кафедрасының профессоры, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі – Алексей Васильевпен кездесу өтті.

Профессор Алексей Васильев Алматыға алғаш рет келіп отыр. Ол Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтетін «Романтикалық көктем» концертіне консерваторияның үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ермановпен бірге қатыспақ.

А. Васильевпен кездесуде ғылыми және шығармашылық іс-шараларды өткізу, тәжірибе алмасу мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық мәселелері талқыланды. Кездесу соңында тараптар жемісті әріптестіктің жалғасатынына сенім білдіріп, ынтымақтастық туралы келісімді ұзартты. Мұнан соң қонаққа консерваторияның оқу ғимараты, кітапханасы және концерт залдары бойынша экскурсия жүргізілді.




Альбомдарға оралу