Menu HELPDESK

Шетелдік студенттерді бейімдеу, көшіқон полициясына тіркеу

2024 жылдың 10 қыркүйегінде Кұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы шетелдік студенттерге арналған бейімдеу іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл шараның негізгі мақсаты – жаңа келген шетелдік білім алушыларды Қазақстанның мәдениетімен, тарихымен таныстыра отырып, елге сәтті бейімделуіне қолдау көрсету. Іс-шара барысында студенттерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейіне экскурсияға апару ұйымдастырылды. Экскурсия барысында шетелдік студенттер Қазақстанның бай тарихи мұрасымен танысып, түрлі дәуірлер мен мәдени кезеңдерді қамтитын экспозициялармен жақын танысты. 

Сонымен қатар, студенттерге көші-қон заңнамасы, шетелдік азаматтарды тіркеу тәртібі, виза режимі, сондай-ақ Консерватория  тарапынан көрсетілетін әкімшілік қолдау туралы ақпарат берілді. Құжаттарды уақтылы рәсімдеудің маңыздылығы, көші-қон полициясына тіркеу мерзімдері және қажетті құжаттар тізімі түсіндірілді. Консерватория әкімшілігі шетелдік студенттердің елімізде өзін жайлы сезініп, сапалы білім алуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасап келеді. Осындай бейімдеу шаралары студенттердің әлеуметке бейімделу процесін жеңілдетіп, жаңа ортаға тез үйренісуіне септігін тигізуде.

    

 


Альбомдарға оралу