Menu HELPDESK

Өскеменде өткен «Айсұлу» операсының қойылымында консерватория студенті өнер көрсетті


Көрнекті композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай Наурыз мейрамының қарсаңында Өскемен қаласындағы «ШҚО филармониясы» кәсіпорнының көрермендер залында «Айсұлу» операсының қойылымы өтті.

Аталмыш қойылымда басты рөлді сомдауға арнайы шақыртылған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Вокалдық өнер» кафедрасының 3-курс (аға оқытушы Т.Бекназарова сыныбы) білім алушысы Данияр Айткужинов Серке бейнесін сәтті алып шығып, көрерменді өнерімен тәнті етті.




 

Альбомдарға оралу