Menu HELPDESK

Ұстаздар мен қызметкерлердің назарына!

2020 жылдың 23 қаңтарында, сағат 12:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ойшыл ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты, «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты президент мақаласы бойынша философия ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімнің онлайн дәрісі өтетінін хабарлаймыз.
Құрметті ұстаздар мен қызметкерлер, осы онлайн дәріске қатысуларыңызды сұраймыз.
Өткізу уақыты: 23 қаңтар, сағат 12:00.


Альбомдарға оралу