Menu HELPDESK

«String Music Festival» ішекті аспаптар фестивалі басталды

2019 жылдың 13 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өнер ордасының 75 жылдығына арналған «String Music Festival» ішекті аспаптар фестивалі басталды. Шараның алғашқы күні скрипкаға арналған музыкаға құрылған концерттік бағдарламамен ашылды. Бұл концерт Қазақстандағы скрипкашылар мектебін қалыптастырушылардың бірі - Хесс Вениамин Соломоновичтің 110 жылдығына арналды.
Бағдарламада төмендегі шығармалар орындалды: 
- Ф. Германн "Бурлеска" 3 скрипкаға арналған 
- Ф. Шуберт "Вальс-каприс"
- Н.Паганини "Кампанелла"
- Р. Щедрин "Альбениске еліктеу"
- К. Сен-Санс "Интродукция және рондо-каприччиозо» 
- У. Гаджиев "Алжир поэмасы"
- О. Петцольд "Интродукция және полонез"
- Й. Сук "Махаббат әні"
- Ф. Германн "Каприччио" 3 скрипкаға арналған 

Орындаушылар:
- Қаратаева Валентина, Дүйшенбаева Сезім, Шілдебаева Айдана (сынып проф. Мурзабекова Г. К.)
- Илдырымлы Табриз (проф. Қожамқұлова Б. С.)
- Өсербек Арайлым (проф. Абатова А. А. сыныбы))
- Рысберді Жалғасбек (сынып оқыт. Гадеевой А. М.)
- Матыцина Ксения, Абдрахманова Эльдана (сынып аға оқыт. Халиловой К. М.)
- Омар Ақниет (доц сыныбы. Такежановой Р. Ф.)

Фортепиано партиясы: 
Шолпан Оңғарова, Гүлжан Өзенбаева, Жаннель Әбдіқадырова, 
Диана Панарғалиева, Гүлназ Қосаманова, Айша Исаметова, Қанат Маликайдар 










Альбомдарға оралу