Menu
info@conservatoire.kz

Студентіміз «Кеңес Дүйсекеев атындағы І Республикалық «Хор аранжировкасы»» байқауында топ жарды

22-23 мамыр күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және композитор Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығына арналған «Кеңес Дүйсекеев атындағы І Республикалық «Хор аранжировкасы»» атты байқау өтті. Онлайн форматтағы байқауды Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты РММ Қазақ ұлттық өнер университетінің «Хор дирижерлеу» кафедрасы ұйымдастырды.
Аталмыш байқауға Қазақстанның композиторлар одағы, Кеңес Дүйсекеев қоры, сондай-ақ, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Халық артисі Айман Қожабекқызы Мұсақожаева қолдау көрсетті.
Байқау лауреаттары «А капелла және сүйемелдеуге арналған хор шығармаларының аударымдары» номинациялары бойынша іріктелді.
«Кеңес Дүйсекеев атындағы І Республикалық «Хор аранжировкасы» байқауында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Шин Даниил Владимирович топ жарып, Гран-при иегері атанды. Оза шауып, бәйге алған білім алушымыз Даниил Шиннің өнер биігінде самғай беруіне тілектеспіз!

https://www.youtube.com/watch?v=krNH1YwcAH0

KD.jpg
вернуться в альбомы