Menu HELPDESK

Студентіміз «Жас ғалым ‒ 2021» атты студенттердің ІІІ Республикалық ғылыми көрмесінде жүлдегер атанды

жас ғалым.jpg
















Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» мамандығында білім алып жатқан 2 курс студенті Бахытгүл Даниялова Назарбаев университеті және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі ұйымдастырған «Жас ғалым ‒ 2021» атты студенттердің ІІІ Республикалық ғылыми көрмесінде «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» аталымы бойынша ІІІ орын жүлдесімен марапатталды. Бахытгүл Даниялованың ғылыми жетекшісі «Халық әні» кафедрасының оқытушысы Бағлан Жолдасқызы Бәбіжан болды.

Бұл ‒ оқу ордасының Назарбаев университеті ұйымдастырған ғылыми студенттік постерлердің көрмесінде алғаш бой көрсетуі. Жүлдегер атанған студентімізді шын жүректен құттықтап, алда толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!


марапаттау.jpg



Альбомдарға оралу