Студенттер Мәскеуге академиялық ұтқырлықпен білім алуға аттанды
2025 жылдың 8 ақпан күні арт-менеджмент кафедрасының үшінші курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Мәскеудегі серіктес-жоғары оқу орны — Гнесин атындағы Ресей музыка академиясына білім алуға аттанды.
Аталмыш бағдарлама аясында үшінші курс студенттері Мейірман Құрманғалиев және Мадина Күзеубай Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы ұзақ жылдар бойы достық қарым-қатынаста болған серіктес-оқу орнына оқуға келді. Студенттерді профессор Д.К. Кирнарская жылы жүзбен қарсы алды. Жобаны іске асыруда А.С.Ройзен қолдау көрсетті.
Бұл арт-менеджмент кафедрасының студенттері соңғы бірнеше жылда академиялық ұтқырлық бағдарламасына алғаш рет қатысуы. Сол үшін серкітестерімізге алғысымызды білдіреміз. Студенттердің Гнесин атындағы Ресей музыка академиясындағы оқу кезеңі 2025 жылдың 10 ақпанынан 13 маусымына дейін жалғасады.
Оқу бағдарламасы орындаушыны продюссерлеу, продюсердің креативтік технологияларын, жаппай коммуникациялар теориясы мен практикасын, әлемдік ойын-сауық индустриясын және басқа да пәндерді қамтиды.
Маңызды қадаммен студенттерімізді құттықтап, оларға білім алуда сәттілік, шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз. Гнесин атындағы Ресей музыка академиясымен жемісті әрі тиімді ынтымақтастық үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.