Menu HELPDESK

Студенттеріміз Дәнеш Рақышев атындағы Республикалық әншілер байқауынан жүлдемен оралды

Жуырда Талдықорған қаласында Қазақстанның Халық артисі, әнші, композитор Дәнеш Рақышев атындағы Республикалық әншілер байқауы өтіп, өнер додасына қатысқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының студенттері үздіктер қатарынан көрінді.

Халық әні кафедрасының 2-курс студенті Ақжол Өсербай 1-орын алса, 3-курс студенттері – Біржан Айтахметов 2-орын, Сымбат Елтоқ 3-орынға ие болып лауреат атанды. Ал 4-курс студенті Дәуренбек Исламғали «Әсет Найманбайұлы атындағы арнайы жүлдені» иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.

Жүлдегерлердің ұстаздарын атап өтейік. Б.Айтахметов, А.Өсербай, Д.Исламғали сынды студенттердің ұстазы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент Еркін Шүкіман болса, С.Елтоқтың ұстазы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент Ардақ Исатаева. Ұстаздарымыздың еңбектеріне жеміс тілеп, шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын дейміз.






Альбомдарға оралу