Menu HELPDESK

«Сыр-Сұхбат» атты поэзия кеші болып өтті

2024 жылдың 15 наурызында консерватория кітапханасының оқу залында «Шамшырақ» әдеби клубының ұйымдастыруымен «Сыр-Сұхбат» атты поэзия кеші болып өтті. 

Аталмыш кешке Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, «Үздік журналист» алтын белгісінің иегері Ерлан Жүніс және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Бауыржан Әліқожа қатысты.

Ақындар өз шығармашылықтары жайлы толғамды ойларын ортаға салды. Кеш барысында қалам иелерінің сырға толы өлеңдерін консерватория студенттерінің оқуымен ұласты. Іс-шара соңында студент жастар арасында рухани байланыс орнатуға қосқан үлестері үшін ақын Ерлан Жүніс пен Бауыржан Әліқожаға консерватория ректоры Н. Аширов атынан Алғыс хат табысталды.





Альбомдарға оралу