Menu HELPDESK

Т. Бекназарова сыныбы шәкірттерінің «Махаббат вальсі» атты концерті өтті



2024 жылдың 29 наурызында А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай ҚР Мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Т.К.Бекназарова сыныбы шәкірттерінің «Махаббат вальсі» атты концерті болып өтті. 

Концерттік бағдарламада «Астана Опера» театры солисі Дінмұхамед Көшкінбаев, Бибігүл Төлегенова, Айдана Қабыл, Аружан Алпысбаева, Данияр Айтқожинов, Анна Торосян, Сая Сейілханова, Жаннұр Жанатқалиқызы, Ақмаржан Рахим өнер көрсетіп, қазақ, орыс және батыс еуропа композиторларының ариялары мен романстарын шырқады.

Виолончель партиясы – Рахман Сергібаев.

Концертмейстерлер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлнар Жидилова, Фариза Жұманқұлова.










Альбомдарға оралу