Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтті

2018 жылы 6 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Халық музыкасы» факультеті «Домбыра» кафедрасының ұйымдастыруымен күй өнерінің классигі, Қаратау өңірі күйшілік мектебінің көрнекті өкілі, күйші-композитор Төлеген Момбековтың 100 жылдығына орай күйшілер байқауы өтті. Төлеген атамыздың ұлы Қайрат ағамыздың қатысумен консерваторияның камералық залында өткен күйшіні еске алу кешінде қасиетті Қаратау өңірі Созақ жерінде ғұмыр кешкен күйші ата жайлы тұшымды естеліктер айтылып, байқаудың жеңімпаздары жарияланып, жүлделер табысталды.
Қазылар алқасының құрамы:
Төраға:
Б.Ысқақов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Мүшелері:
К.Сахарбаева – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор
Н.Әшіров – ХМФ деканы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
С.Садықов – Домбыра кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, профессор
Жеңімпаздар тізімі:
Жолмұхамбетов А. Ұстазы профессор Б.Ысқақов I орын
Абдуахап С. Ұстазы профессор К.С. Сахарбаева II орын
Сабиғанов Б. Ұстазы Ә.Алина II орын
Әкімбек М. Ұстазы профессор К.С. Сахарбаева III орын
Хасенова Т. Ұстазы профессор Б.Ысқақов III орын
Мағауия С. Ұстазы профессор Б.Ысқақов III орын
Қанатбек З. Ұстазы профессор Б.Ысқақов диплом
Талапхан Е. Ұстазы профессор Б.Ысқақов диплом
Нышан Ә. Ұстазы профессор К.С. Сахарбаева диплом
Мейірбеков Ж. Ұстазы аға оқытушы С.Құдайбергенова диплом
Нұрғамысов Д. Ұстазы профессор Б.Ысқақов диплом




