Menu HELPDESK

Таңатар НҰРАЛЫ ағамызды 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Таңатар НҰРАЛЫ ағамызды 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Таңатар Қоңырұлы 50 жылдан аса ғұмырын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызметке арнап, талай кәсіби музыканттарды тәрбиелеп, өнерде де, өмірде де өз орнын табуына зор үлес қосқан ұлағатты ұстаз. Әлемдік классикалық музыканы симфониялық оркестрсіз, ал симфониялық оркестрді гобой аспабынсыз елестету мүмкін емес. Оркестр шығармалырындағы негізгі партияны жиі орындайтын, үні ерекше гобой аспабының Қазақстанда дамуына жан-жақты сіңірген еңбегі мол ағамыздың «Музыкалық шығармаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқамалар», «Гобойға арналған гаммаларды зерттеу бойынша көмекші құрал», «Гобойға арналған таяқшаларды жасау бойынша нұсқаулық», «Балалар музыкалық мектебінде гобойда ойнаудың бастапқы сабақтары», «Портреттерге штрихтар» атты кітаптары негізгі оқу құралдарына айналды.

DSC_0482.jpg

Осындай айтулы күні ағамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, еңбегіңіздің жемісін көріңіз, әлі де өнегелі өміріңізбен, мол тәжірибеңізбен талай шәкірттерді өнерге баулып, білім нәрімен сусындатып, бойында адами қасиеттерінің қалыптасуына өз үлесіңізді қоса беріңіз дегіміз келеді.

DSC_0477.jpg

DSC_0519.jpg

DSC_0506.jpg

DSC_0514.jpg


Альбомдарға оралу