Menu HELPDESK

Тіл мерекесіне арналған «Тіл –рухани жаңғыру тірегі» атты әдеби-музыкалық кеш

3 қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кіші залында «Тілдер» секциясының ұйымдастыруымен тілдер мерекесіне арналған «Тіл –рухани жаңғыру тірегі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Дәстүрге айналған Тіл мерекесіне арналған іс-шараға консерваториямыздың 1-2 курс студенттері қатысты.

DSC_0098.jpg

Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдау жолдап келеді. 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Заман талабына сай, біздің жастар жан-жақты дамып қана қоймай, сонымен қатар ұлттық салт - дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетімізді, бір сөзбен айтқанда ұлттық құндылықтарымызды бойында сақтап қалуы керек.

DSC_0018.jpg

«Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін,жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі» деп елбасымыз айтқандай, іс-шара қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің маңыздылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.Іс-шарада өзге ұлт студенттері қазақ тілінде өлең оқып, қазақ биін билеп, ана тіл туралы ән айтып, тіл туралы мағлұматтармен бөліссе, қазақстуденттері ағылшын тілінде Шекспирдің шығармашылығынан үзінді ойнады. Студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін ояту, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сонымен қатар, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, елімізде тұратын барлық ұлттардың тілдерін құрметтеуді студенттерге дәріптеу маңызды іс болып табылады.

DSC_0007.jpg

DSC_0081.jpg

DSC_0091 (1).jpg


Альбомдарға оралу