Menu
info@conservatoire.kz

Тың жобалар қолға алынуда

2000 ән-күй 2.jpg


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрімен біріге отырып 2021-2025 жылдар аралығында «ҚАЗАҚТЫҢ 2000 ӘН, ЖЫРЫ» және «ҚАЗАҚТЫҢ 2000 КҮЙІ» жобасын қолға алып отыр. Жоба қазақтың ән, жыр, күйін насихаттау және оны сақтау мақсатында қазақтың ән, жыр, күйлерін заманауи сандық жүйеге көшіріп E-culture.kz  бірыңғай электронды порталына орталықтандырады,  смартфонға арналған мобильді қосымша жасап, көпшілікке қол жетімді етеді және бұрын соңды еш жерде жарияланбаған тың ән, жыр, күйлерден төрт томдық антология шығарады.





вернуться в альбомы