Вадим Журавлевпен шығармашылық кездесу

«ХХІ ғасыр музыкасындағы қолданбалы және іргелі зерттеулер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында әйгілі музыкалық сыншы Вадим Журавлевпен шығармашылық кездесу өткізіледі.
Кездесу тақырыбы: «Опералық сынның бүгінгі ерекшелігі: мәселелер мен шешу жолдары. Ресейдің Үлкен және Мариин театрлары мысалында»
Вадим Журавлев – Қазақстан музыкатанушы моделіне бейтаныс тұлға.Ол белді музыкалық сыншы, Мәскеу Халықаралық музыка үйі президентінің кеңесшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы Зальцбург фестивалі мысалында жазғы фестивальдар аясындағы режисерлік шешімдердің ерекшеліктері тақырыбында диссертация қорғаған.
«Независимая газета», «Ежедневная газета», «Коммерсант», «Сегодня», «Ведомости», «Известия», «Русская мысль» (Франция), газеттерінде, «Итоги», «Огонек», «Эксперт», «Афиша», «Вечерняя Москва», «Opernwelt» (Германия), «Петербургский театральный журнал» журналдарында және т.д. басылымдарда музыка, музыкалық театр жөнінде мыңдаған мақалалар жариялады. «Эхо Москвы» радиосында «Человеческий голос» атты авторлық бағдарламасын жүргізген. РТР телеканалының «Вести» бағдарламасымен қарым-қатынаста болған.
Марсель, Рим, Марманда (Франция), Бруссето-Парма («»Вердиевские голоса) қалаларында өткен Халықаралық вокалдық конкурстардың қазылар алқасы құрамында қызмет атқарған. «Золотая маска» Ұлттық театр фестивалінде бірнеше рет эксперттік кеңесінің және қазылар алқасының мүшесі болған.
2002 жылдан бастап Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының шығармашылық жоспарлау бөлімін басқарды, Роберт Уилсон, Петер Конвичый, Дэвид Паунтни, Грэм Вик, Деклан Доннелла, Эймунтас Някрошюс секілді әйгілі сахна шеберлермен тығыз байланыста жұсым істеген.
Үлкен театрдың Бавар мемлекеттік операсымен, Кальяридағы мен (Италия), Флорентиялық музыкалық мамыр фестивалімен біріккен қойылымдардың бастамашысы. Үлкен театрдың Имидждік коллегиясының төрағасы қызметін атқарды.
2009 жылдан бастап Мәскеу Халықаралық музыка үйі президентінің кеңесшісі, әлемдік опера әншілері Рене Флеминг, Виолета Урмана, Вальтрауд Майер, Анджела Георгиу, Маттиас Гёрне және т.б. концерттерін ұйымдастыруға ат салысқан.
«Сати. Нескучная классика» бағдарламасының музыкалық редакторы (бағдарлама классикалық музыка бағдарламасы ретінде ТЭФИ-2011 жүлдесін иеленді), «Культура» телеканалындағы «Правила жизни» бағдарламасының тұрақты жүргізушісі.
Шығармашылық кездесу 14 жетоқсан 14.30-16.30 аралығында Шопен атындағы Камералық залда өтеді.
Келем деушілерге есік ашық!
Анықтама телефондары:
+7 727 261 07 12,
+7 727 272 98 69,
+ 7 701 272 98 69.
Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі