Menu HELPDESK

Варвара Мягкованың концерті өтеді


23 маусым күні, сағат 17.00-де белгілі Ресей пианиношысы Варвара Мягкованың (Мәскеу) концерті болады.

«Музыка мен үшін – өмірді қабылдау әдісі, ойлау тәсілі. Бұл шынайы өмірден қашу, қиял әлеміне бой ұру емес. Егер асқақ сөздерден қорықпай айтатын болсақ, музыка – жер бетіндегі Құдай бейнесі. Бәлкім, біреулер оны сұлулық дер, ал мен мұны солай көремін».                                               

Варвара Мягкова

Варвара Мягкова – өзінің бейнежазбаларының әлеуметтік желілерде кең таралуының арқасында күрт танымалдылыққа ие болған, кейінгі кезеңнің феномені. Әлеуметтік желілерде жарияланған оның өнерінің бейнежазбалары әріптестені мен фортепиано музыкасы жанкүйерлерін баурап алды. 2019 жылдан бастап оның жеке шығармашылығы үдемелі түрде және жеңімпаздықпен өрледі, оған бірінші кезекте, скрипкашы Роман Минц пен пианиношы Борис Березовский үлкен ықпал етті.

Варвара Мягкова Мәскеуде туған. П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. Бүкілодақтық байқаудың (1992) және Андоррадағы (2002) Халықаралық байқаудың лауреаты. Музыкалық жобалардың ұйымдастырушысы. Радио мен телевидениедегі БМТРК Үлкен балалар хорының концертмейстері болып істеді. 2000 жылдан бастап Мәскеу консерваториясының, Мәскеу халықаралық Музыка үйінің, Мәскеу филармониясының, «Зарядье» МКЗ-ның залдарында жеке және ансамбльдік бағдарламалармен өнер көрсетіп келеді.

Варвара белсенді түрде қайырымдылық және ағартушылық әрекет етіп келеді, көп жылдардан бері өмірдің күрделі жағдайларына тап болған балалармен жұмыс істейтін әртүрлі ұйымдарға қолдау жасап, көмек көрсетіп келеді.

Тұсаукесері бір жыл бұрын өткен «Қасиетті және халықтық» концерттік бағдарламасы Варвара Мягкованың Sacred & profane атты алғашқы жеке дискісі Қазақстанда тұңғыш рет көрсетілмек. Концерт бағдарламасында қазақстандық классикалық музыка табынушыларының назарына Мессианның, Скарлаттидің және Бахтың туындылары ұсынылмақшы.

Продюсер Елена Харакидзян басқаратын Apriori Arts Agency Балтабек және Гүлнәр Мұқашевтерге зор алғысын білдіреді. Өйткені, солардың күш салуының арқасында аталған диск тек қана сандық нұсқада ғана емес, сонымен бірге материалдық тасығышта да шығарылып отыр.

Концерт Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, мына мекенжай бойынша өтпек: Абылай хан, 90.

Кіру – тегін.

Альбомдарға оралу