Menu HELPDESK

«Вечер в опере» атты флейта музыкасының концерті



  2022 жылдың 28 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында «Вечер в опере» атты флейта музыкасының концерті өтті.


Бағдарлама барысында Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары орындалды.


Аталмыш кеште аға оқытушылар В.А.Глебов, О.В.Нестерова және оқытушылар О.Р. Сатбаев, З.Ш. Зейінғалиевалардың шәкірттері өнер көрсетті. Олар: Ажар Жорабекқызы, Айғаным Шілдебаева, Айтас Айдарбеков, Ақерке Омарова, Анель Әубәкірова, Анна Хлебова, Аружан Даркенбаева, Гүлім Зиядаева, Елдос Кабдрашитов, Жавохир Садуллаев, Жәнібек Әбузар, Нүрила Бектасова. Оқытушылар Олжас Сатбаев пен Зухра Зейінғалиеваның орындауындағы дуэт концерттің әдемі нүктесін қойды. Жиналған көрермендер орындаушылардың өнерлеріне тәнті болып, ыстық ықыласпен қол соғып қошемет көрсетті.






















Альбомдарға оралу