Menu HELPDESK

Вена (Австрия) профессорының мастер-классы


2024 жылы 4 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында конференц-залда шақырылған шетелдік ғалым, өнертану докторы (Dr. Hab.) Вена музыка және орындаушылық өнер университетінің Халық музыкасы және этномузыкология кафедрасының профессоры Ульрих Моргенштерннің (Австрия) мастер-классы өтеді.

«Этномузыкология тарихындағы «Халықтық музыкалық аспаптар» және «Ұлттық музыкалық аспаптар» ұғымы» атты мастер-класс аясында профессор У. Моргенштерн өзінің ғылыми зерттеулерінің бірегей материалдары мен нәтижелерін ұсынады және әртүрлі мәдениеттердегі музыкалық аспаптарды жіктеу мен зерттеудің әртүрлі тәсілдерін талқылайды, сондай-ақ айтылған тақырып бойынша өз тәжірибесімен және білімімен бөліседі.

Түрлі білім беру бағдарламаларының студенттері, магистранттары, докторанттары және Консерваторияның профессорлық-оқытушылық құрамы шақырылады.

Басқа ұйымдардан мастер-класқа қатысқысы келетіндер үшін 338-44-83 нөміріне қоңырау шалуды немесе intdepkons@gmail.com электронды поштасына жазуды сұраймыз.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Алматы туризм бюросы мен Банкцентркредитке қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Альбомдарға оралу