Menu HELPDESK

Yamaha» корпорациясы өкілдерінің қатысуымен үрмелі аспаптардың күтімі мен жөндеу жұмыстары жөнінде шеберлік класс

19 қазан, сағат 10.00-13.00 аралығында консерваторияның Мәжіліс залында «Yamaha» фирмасының Қазақстандағы ресми дистрибьютері Tatsuhiko Mizutani (Жапония) үрмелі аспаптардың күтімі мен жөндеу жұмыстары жөнінде шеберлік класс өткізеді.

«Yamaha» корпорациясының жапондық өкілі консерватория студенттерімен «Yamaha» аспаптарының сырт келбеті мен дыбыс сапасын сақтау жөнінде құнды ақпарат беріп, үрмелі аспаптар бұрауын дұрыс келтіру және реттеу жөнінде кәсіби кеңестермен бөліседі.
Шеберлік класс басталуы сағат 10.00-де.
Келем деушілерге есік ашық.

Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі
Альбомдарға оралу