Menu HELPDESK

Ғылыми кеңес отырысында

29 тамыз күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұжымының басшылығы мен барлық профессор, доцент және оқытушылардың қатысуымен ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті. Жаңа оқу жылын жаңа басшымен бастаған ұжым Жүдебаев Арман Әділханұлының жетекшілігімен алдағы уақытқа көптеген жоспарлар құрды. Жиын басында Арман Әділханұлы басшылыққа келгелі атқарылған шаруалардан хабар берді. 
Консерватория ғылыми кеңес
Атап айтқанда:

- жатақхананы жөндеу жұмыстарына 37 миллион теңге,

- жатақханаға арналған жиҺаздарға 26 миллион теңге,

- тұрмыстық техникаға 20 миллион теңге,

- төсек жабдығына 15 миллион теңге,

- үлкен орган залының жөндеу жұмыстарына 8 миллион теңге

қосымша қаражат бөлініп, игерілді. Осы жылдың аяғына дейін тағы да 29 миллион теңгеге офистік техника мен компьютерлер алынбақ.

2018-2019 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша бакалавриатқа 253, магистратураға 35, докторантураға 4 үміткер қабылданды. Келер жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 75 жыл толуына байланысты мерейтой аясында өтетін мерекелік іс-шаралардың дайындық жұмыстарына нақты тапсырмалар берілді. 
WhatsApp Image 2018-09-06 at 16.56.09.jpeg

  Факультеттерді осы жылға дейін басқарып келген қызметкерлер Сахарбаева Карима Сүндетқызы, Бекенова Айжан Сләмқызы, Жүнісова Ләззат Рахымжанқызы, Жапаров Елнұр Жұмаұлы ортаға шықырылып білім ордасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт Министрі мен Білім және ғылым Министрінің атынан келген марапаттар да табыс етілді. Бірқатар қызметкерлерге ғылыми атақтар берілді.

Отырыс соңында басқа да алға қойылатын жаңа міндеттер мен жоспарлар бекітілді.
Альбомдарға оралу