Қытайдың Гуандун провинциясының Ұлттық Оркестрінің концерті

2017 жылдың 12 қаңтарында, сағат 19.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерттік залында – 2017 Happy Chinese New Year Tour – атты Қытайдың Гуандун провинциясының ұлттық оркестрінің Үлкен Жаңа жылдық концерті өтеді.
Концерттің ұйымдастырушылары: Гуандун провинциясы Департаментінің, Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас елшілігінің қолдауымен ҚХР мәдениет министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Классика» музыкалық агенттігі.
Концертке қатысатындар: Chen Dong ұрмалы аспаптар ансамблі, Feng Fan (бамбук флейтасы), Fu Na (гучжэн), Xu Wang (флейта), Fa Xiaoli , Zhang Lulu, Qiao Fei (эрху), Chen Zuohui (ұрмалы аспаптар), Ma Zhimin (сона), Gu Shengying (пипа).
Концерт алдында 12 қаңтар, сағат 11.00-де Құрманғазы атындағы ҚҰК Камералық залында – 2017 Happy Chinese New Year Tour – концерттік турне аясында Алматыдағы ҚХР Бас елшісі – Zhang Wei, қытайдың Гуандун провинциясының ұлттық оркестрінің бас дирижері – Zhang Lie, оркестр жетекшісі – Wu Zuohui қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Үлкен Жаңа жылдық концерт – әлемдегі ең табысты концерттік форматтың бірі. Он алты жыл ішінде «Ву Промоушн» Қытай гострольдік агенттігі әлемнің он бес елінде концерттер ұйымдастырды. Жыл сайын, Қытай көктем фестивалі кезінде қытайдың танымал ұлттық оркестрлерінің бірі әлемнің ең атақты концерттік залдарында өнер көрсетеді.
«Ву Промоушн» Қытай гострольдік агенттігі жиырма жыл ішінде аталған жоба аясында әлемнің он бес елінде концерттер ұйымдастырды. Осы жылдар ішінде, «Үлкен Жаңа жылдық концерт» жобасы тамаша музыкалық дәстүрді орнатып қана қоймай, сонымен қатар Қытай музыкасын әлемнің музыкалық мұрасының элементі ретінде танылуына үлесін қосты.
20-жылдық мерейлік турне аясында қазақстандық көрермендер алдында қытайдың Гуандун провинциясының ұлттық оркестрі өнер көрсетеді.
Қытайдың Гуандун провинциясының оркестрі 1949 жылы құрылып, 2011 жылы дәстүрлі музыканы орындайтын үздік ұжымдардың біріне айналды. Жылдар бойы оркестр Қытай музыкасын насихаттауға көп жұмыстанып, Катон, Чао-Жу, Гуанг-донг Хан қалаларының музыкалырын дәріптеуге елеулі үлесін қосты.
Ұжым Қытай өнер фестивалі, Сингапур орындаушылық өнердің азиялық фестивалі, Гонг-Конгтағы жастар өнерінің Халықаралық фестивалі, Шанхай Халықаралық көктем музыкалық фестивалі және тағы да басқа Қытайдың ірі мәдени шаралары мен алыс шет елдердегі белді фестивальдарға қатысып, сыншылар мен тыңдармандардың оң бағаларына ие болды.
Оркестр Қытай музыкасы шығармаларынан құрылған альбом жаздырып, жарыққа шығарды: «Құбылмалы Қытай музыкасы», «Оңтүстік квинтэссенциясы», «Лингнанның вариациялары», « Лингнанның әндері», «Қытайдың Кантон ырғақтары» және т.б. «Құбылмалы Қытай музыкасы» атты өнер туындысы «Қытай алтын диск» 2-ші марапаттау салтанатында жүлдеге ұсынылып, ең үздік оркестрлік орындау сыйлығын иеленді.
Zhang Lie (дирижёр)
Чжанг Ли – Қытай музыканттар қауымдастығының мүшесі, Қытай ұлттық оркестрлер Одағының директоры, Қытай дирижерлар комитетінің Вице-Бас хатшысы. Қазіргі таңда Гуандун ұлттық оркестрінің жетекшісі әрі бас дирижері, Қытай кино және радио симфониялық оркестрінің тұрақты дирижері, Орталық музыкалық консерваториясының, Гонг-Конг ұлттық оркестрінің, Қытай-Сингапур оркестрінің, Тай-пей муниципалдық ұлттық оркестрінің, сондай-ақ Гонг-Конг орындаушылық өнер академиясының арт-директоры және дирижері қызметтерін атқарады.
Чжанг Ли симфониялық және ұлттық оркестрлерге арналған шығармалардың авторы, сонымен қатар киноғада арнап музыка жазған.
Дирижердің құмарлыққа толы нақты әрі айқын дирижерлік стиль бар. Британдық сыншының айтуынша, Чжанг Ли музыканың ой мен концерттік залдың атмосферасы арасындағы теңгерімді реттей алатын шебер музыкант. Ол тыңдаушы аудиторияны еліктіре алатын музыканың нәзік әлеміне жетелей алады.
Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі