Қызылорда музыкалық колледжінде өтетін Жәния Әубәкірованың шығармашылық кездесуі мен концерті
14 ақпан 14.00 Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры,ҚР халық артисі ӘУБӘКІРОВА ЖӘНИЯ ЯХИЯҚЫЗЫМЕН шығармашылық кездесу болады.
Кездесу бағдарламасында: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тұсаукесері, Консерватория оқытушыларының концерті және шеберлік-кластары:
Концертке және шеберлік -классқа қатысатындар:
Әубәкірова Жәния (фортепиано)
Нұрғалиева Сәуле (сопрано)
Зиенгалиева Зухра (флейта)
Медеубек Мақсат (қыл-кобыз)
Керимбаев Муса (виолончель)
Алия Сабирова (музыкатану)
ТокжанТөлепберген (домбыра)
Берекешев Ғалымжан (хорды дирижерлау)
Шеберлік-класстар мен концерт «Менің елім» атты әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасының аясында өтеді. «Менің елім» бағдарламасы - бұл «Самұрық-Қазына» АҚ жүзеге асыратын өңірлерді дамыту бағдарламасы. 2017 жылы «Менің елім» бағдарламасы Қазақстанның бес аймағында іске қосылды: Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
2017 жылы осы бағдарлама аясында Қазақстанның бес аймағында 240 мектеп жаңа спорттық жабдықтар алды, 100 түзету мектебі қажетті құрал-жабдықпен жабдықталды, спортқа және балаларға арналған 43 алаң салынды.
Жәния Әубәкірованың концерті мен шығармашылық кездесуін ұйымдастыруға «Петро Казахстан Инк» қолдау көрсетті.
Концерт пен шығармашылық кездесуді жарықтандыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
Байланыс телефондары: 8 (777) 213 7118