Menu HELPDESK

Шетелдік ғалым консерваторияда дәріс оқиды



Консерватория қабырғасында «Музыкалық өнер мен білім берудегі тұлға, дәстүр, мәдениет» атты ғылым апталығы аясында Евгений Слесарьдың екі бөлімнен тұратын «Өнертанудағы ғылыми зерттеу траекториясы» атты ашық дәрістері, сондай-ақ ғылыми семинар өтеді. Сонымен қатар, ғалым 12 сәуірде өтетін консерваторияның халықаралық конференциясында «Драмалық қаһарман және тарих: субъективтілік шекаралары» атты баяндама жасайды.

Өнертану кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының доценті Е. А. Слесарь өнертану саласындағы ғылыми зерттеудің заманауи әдістері туралы әңгімелейді, сондай-ақ зерттеушілердің алдында тұрған өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді талқылайды.



Альбомдарға оралу