Menu HELPDESK

Өзбек консерваториясы Нүкіс филиалының делегациясымен кездесу өтті



2024 жылғы 27 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына серіктес-ЖОО — Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының Нүкіс филиалынан (Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) екі күндік іссапармен арнайы делегация келді. Делегация құрамында филиал директоры Рудакий Алланбаев пен доцент Полат Тыныбаевтар болды.

Қонақтармен кездесуде ректор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров және Ректор аппараты қызметінің басшысы Ермек Скаков білім беру және шығармашылық саласындағы әріптестікті дамытуға келісіп, ортақ міндеттемелер бойынша бағыттарды белгіледі.

Кездесу барысында Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Гүлнар Әбдірахман, ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор Ғалия Бегембетова, декандар, вокалдық өнер кафедрасының, халықаралық бөлім және СПиОУП өкілдері делегацияның сапар күндері оқу сабақтарына бару, кітапханамен, концерт залдарымен танысу, сондай-ақ онлайн-сабақтарды ұйымдастыру мүмкіндіктері мен мәселелерін, Нүкіс филиалының студенттеріне арналған сабақтар мен академиялық ұтқырлық және оқытушылардың біліктілігін арттыру жұмыстары жөнін талқылады.















Альбомдарға оралу