Жүлдегер студенттерімізді құттықтаймыз!
2018 жылдың 25-30 қыркүйегі аралығында Италияның Ланчано қаласында өткен «Lanciano Prize» халықаралық байқауында 2 курс студенті Дәулетхан Мәди Сырымұлын жеңісімен құттықтаймыз! Сол рухта жалғастыра беруіңе және осы жеңіс барлық жеңістердің бастамасы болуына тілектеспіз. Алдағы уакытта барлық күш-жігеріңіз бен еңбегіңіздің арқасында сізді жүлделі орындарға және лайықты марапаттарға ие болады деген үміттеміз. Сондай-ақ, тәлімгері Гайсин Анатолий Мубаракияновичке алғыс білдіреміз!

Алматы қаласында өткен «Алматы жүрегімде» атты XI Республикалық байқауының
«Академиялық вокал» номинациясы бойынша бас жүлде иегері 2 курс студенті
Амангелдиева Назымды жеңісімен құттықтаймыз!
Қол жеткізген жетістіктеріңізде тоқтамауға және бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіңізге
шын жүректен тілектеспіз!
Сондай-ақ, тәлімгері Смайлова Торғын Абибуллақызына да алғыс білдіреміз!