Menu HELPDESK

Жұмаділова Рымкеш Әлжанқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қаралы жиын өтті

20.09 4.jpg

               2018 жылы 20 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, 35 жыл Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында әнші-солист болып қызмет атқарған,  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының ұлағатты ұстазы

 Жұмаділова Рымкеш Әлжанқызының

    мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қаралы жиын өтті.

              Консерватория ректоры Арман Әділханұлы ашқан жиында Рымкеш Әлжанқызына шығармашылық жолында да, еңбек жолында да серік болған, өнер саласына көп еңбектері сіңген әріптестері сөз алды. Лебіз білдіргендердің қатарында, ҚР халық артисі, профессор Ғафиз Есімов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қуаныш Оразғалиев, ҚР еңбек сіңірген артисі, ардагер диктор Сауық Мәсіғұтқызы, ҚР еңбек сіңірген артисі, дирижер Жалғасбек Бегендіков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Жанас Бекентұров, ҚР еңбек сіңірген артисі, әнші Рамазан Стамғазиевтер болды. Қаралы жиынға өз көңілдерін білдіруге консерваторияның ұстаздары мен студенттеріне қоса, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының ұжымынан, Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрі ұжымынан өкілдер қатысып, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі толық құрамымен келді.

      Жиынды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Ерғалым Төкеев жүргізді.                                                                                         


11111.jpg            


Альбомдарға оралу