Асанәлі Әшімов Құрманғазы атындағы ҚҰК қонақта болды
21 ақпан 2019
Бүгін 21-ақпан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында театр саңлағы Асанәлі Әшімов ағамыз бастаған топ қонақта болды. Елбасымыз жариялаған биылғы «Жастар жылы» аясында елімізде көптеген жобалар қолға алынып, әртүрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып жатқаны баршаға аян. Осындай жобалардың бірі ретінде, КСРО халық артисі, Қазақстан Республикасының халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, ұстаз Асанәлі Әшімовтің шәкipттерiнен құралған «Жаңа ғасыр» театры «Соңғы қоңырау» атты қойылымын консерваторияның үлкен концерт залында жиналған көпшілікке ұсынды. Қойылым шымылдығын ашқан консерватория ректоры Арман Әділханұлы театр ұжымына шығармашылық табыстар тілеп ризашылығын білдірді.




Альбомдарға оралу




Қабылдау 2025