«Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениетті ілгерілету» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды
22 сәуір 2019
Бүгін Талдықорғанда «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениетті ілгерілету» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды. Жиынға еліміздің мәдениет саласында қызмет етіп жүрген жетекші мамандар мен ғалымдар, бірқатар өнер майталмандары және алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар қатысуда. Шетелдік қонақтар қатарында Ереван мемлекеттік театр және кино институты «Арт-менеджмент және мәдени саясат» кафедрасының меңгерушісі Артур Гукасян (Ереван қаласы, Армения), Белорус мемлекеттік мәдениет және өнер университеті «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, профессор Ирина Малахова (Минск қаласы, Беларус), драматург, театр сыншысы, «NovaScena» креативті кластерінің негізін қалаушы және директоры Киренчук Томаш (Краков қаласы, Польша), Сорбонна университетінің профессоры Ольга Киселева (Париж қаласы, Франция) және басқалар бар. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отырған шарада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев та баяндама жасамақ.




Альбомдарға оралу




Қабылдау 2025