Menu HELPDESK

«Жас ғалымдардың сөзі: өнертанудың өзекті мәселелері» атты II Республикалық магистрлік оқулары өтті

      Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Жас ғалымдардың сөзі: өнертанудың өзекті мәселелері» атты II Республикалық магистрлік оқулары өтті.
Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған бұл шараның негізгі мақсаты магистрлік зерттеу материалдарының өзектілігін тексеру, жұмыстардың теориялық және практикалық нәтижелерінің ғылыми тұжырымдамасын жасау, заманауи ғылыми ақпараттармен бөлісу.
Қатысушылар жоғары оқу орындарының шығармашылық мамандықтарында ізденіп жүрген жас ғалымдар.
Магистрлік оқуларының қорытындысы бойынша қатысушыларға әртүрлі номанациялар бойынша дипломдар мен сертификаттар табысталды. Диплом иелерін қазылар алқасы анықтады.

Қазылар алқасы:
Төраға – Бердібай А.Р. - «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, PhD;

1. Қайырбекова Ә.Ғ. - «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент;

Бұлтбаева А.З. - «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті (ЖАК), ө.к.;

Байбосынова Ұ. М. - «Халық әні» кафедрасының оқытушысы, ҚР Еңбек Сіңірген қайраткері, Францияның әдебиет және өнер орденінің иегері, жырау, ф. ғ. к.;

Тілеубергенов А.А. - «Фортепиано» кафедрасының доценті, PhD, ҚР еңбек сіңірген қайраткері;

Мылтықбаева М. Ш. - «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, ө.ғ.к.;

Жәменкеев Е.Е. - «Халық музыкасы» факультетінің деканы, PhD.








Альбомдарға оралу