Menu HELPDESK

Жас режиссёрлер мен композиторлардың шығармашылық кездесуі өтті

2019 жылғы 18 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында жас режиссёрлер мен композиторлардың шығармашылық кездесуі өтті. Іс-шараның құрметті қонағы белгілі режиссёр, сценарист, ҚР Кинематографистер одағының мүшесі Айтуаров Аманжол Толықбайұлы болды. Шығармашылық кездесудің шеңберінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің фильмдері көрсетілді, студент-композиторлардың туындыларының презентациясы жасалды, сондай-ақ киномузыка мәселелері бойынша пікірсайыс өткізілді.

Кездесуді ұйымдастырушы – музыкатану және композиция кафедрасының аға оқытушысы Данара Мұсахан.









 

Альбомдарға оралу